Ақпарат
ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында «Байқоңыр» ғарыш айлағының мысалы негізінде еліміздің ғарыш саласының дамуымен, сондай-ақ Байқоңыр қаласын одан әрі көркейту жоспарымен танысты. Бақытжан Сағынтаевқа нысанды аралау кезінде ғарыш саласын дамытудың қазіргі жағдайы мен алдағы жоспарлар, сонымен қатар «Байқоңыр» кешеніндегі ынтымақтастық туралы тұжырымдаманы іске асыру барысы, оның ішінде инвестицияларды тарту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндалды.