Dubai Airshow 2017 әуе салонында БАӘ ҚК-ға С-295 ӘКҰ ұшақтарын жеткізуге арналған келісімшарттың жасасылғандығы туралы жарияланды

ӘҚСТО, 16 қараша. Airbus Defence and Space компаниясы Dubai Airshow 2017 әуе салоны аясында Біріккен Араб Әмірлігінің ӘӘК мен ӘШҚҚ басшылығымен бес C-295 ӘКҰ ұшақтарын жеткізуге келісімшарт жасасқандығы туралы хабарлады.

Осы келісімшарт шеңберінде тапсырыс берілген ұшақтарды БАӘ ӘӘК құрамында тұрған CN-235 ауыстырады. Жеткізуді 2018 жылдың төртінші тоқсанында бастауды жоспарлауда.

Келісімшарттың құны әрі жария етілген жоқ.

Осы келісім Airbus Defence and Space компаниясының C-295 ұшақтарын жеткізуге арналған тапсырыстарының саның 203 бірлікке дейін көбейтті. Оның ішінде 161 ұшақты тапсырыс беруші жеткізді.

Қазіргі уақытта Таяу Шығыс және Солтүстік Африка елдеріне С-295 ұшақтарын жеткізуге арналған тапсырыстардың көлемі 51 бірлікті құрайды. Airbus Defence and Space компаниясы осы өңірлердің елдерімен қосымша келісімдер жасасуды көздейтіндігін атап өткендей

ӘҚСТО дерекқорына сәйкес Таяу Шығыс және Солтүстік Африка елдерінде 24 бірл. С-295 ұшағы Египеттің ӘӘК-нен, 8 бірл. – Оман ӘӘК-нен,
6 бірл. – Алжирдің ӘӘК-ден, 4 бірл. — Иордания ӘӘК-ден және 4 бірл. – Сауд Арабиясының ӘӘК-ден алынды.

С-295 ұшағы әскерлер мен жүктерді тасымалдауға, парашют және түсіру әдістеріне, медициналық эвакуацияға арналған. Машина белгіленген жерге 9,2 тонна жүк, 71 әскериқызметші немесе 48 десантшы не болмаса медициналық қызметкерлермен бірге 24 жаралы адамды таысмалдау мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

 

Дереккөз:

1.http://www.armstrade.org/includes/periodics/mainnews/2017/1116/094644149/detail.shtml