Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (бұдан әрі – ҚАӨМ) елдің қорғанысы мен қауіпсіздігі үшін ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету талаптарын жүзеге асыру және электрондық өнеркәсіп өнімдері мен бағдарламалық қамтылымның отандық өндірушілерінің дамуына жағдай жасау мақсатымен Электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізілімін (бұдан әрі – Тізілім) жүргізеді.
Тізілім ақпараттық қауіпсіздіктің талаптарына сай келетін электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылым тауарларының тізбесі болып табылады.
Тізілімді қалыптастырудың алғышарттарының бірі мемлекет алдында және квазимемлекеттік секторда ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы басым міндеттерді белгілейтін шет елдік өндірісті бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу тәжірибесі болды, олардың біреуі шетелдік өндірістің аппараттық-бағдарламалық қамтамасыз етуін отандық әзірлемелермен біртіндеп ауыстыру болып табылады. Бұл бағытта Тізілім қазақстандық IT-компаниялар мен электроника өндірушілері үшін қосымша табыстардың пайда болуына ықпал етеді деп болжануда.
Елдің қорғанысы мен қауіпсіздігіне арналған ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша талаптарды іске асыру мақсатында тауарларды сатып алу Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес Тізілім ішінен іске асырылады.
Тізілімді қалыптастыру, жүргізу қағидалары, оның ішінде өтінім беру тәртібі, өтінмге қоса берілетін құжаттар тізімі, сондай-ақ Тізілімге енгізу өлшемшарттары сондай-ақ электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның өнімін Тізілімге енгізу өлшемшарттары Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығымен (2018 жылғы 28 наурыздағы № 53/НҚ) бекітілген.
ҚАӨМ өтінімдерді тұрақты негізде қабылдайды.