Ереванда ArmHiTec-2018 екінші халықаралық қару-жарақ және қорғаныс технологияларының көрмесі өтеді

Армения Республикасы Қорғаныс министрлігінің шешіміне сәйкес ArmHitek-2018 екінші халықаралық қару-жарақ және қорғаныс технологияларының көрмесі 2018 жылғы 29-31 наурызда «Ереван Экспо (Ереван қ.) көрме кешенінде өтеді.

Көрмені ұйымдастырушылар: Армения Республикасының Қорғаныс министрлігі, «Ереван математикалық машиналар зауыты» жабық акционерлік қоғамы («ЕрЗММ» ЖАҚ) және «БИЗОН» көрме компанияларының қауымдастығы» жабық акционерлік қоғамы («ОВК «БИЗОН» ЖАҚ).

ArmHitek-2018 екінші халықаралық қару-жарақ және қорғаныс технологиялар көрмесінің экспонеттері ретінде Армения, Ресей және басқа да елдердің қорғаныс-өнеркәсіптік кешенінің ірі кәсіпорындары болады деп жоспарлануда. Олар қару-жарақ, әскери техника мен қауіпсіздік жүйелерін әзірлеуші кәсіпорындары, өндірушірлері және жеткізушілері арасындағы іскерлік байланыстарды орнатуға, ішкі және сыртқы қоғамдастықты дамытуға бірегей мүмкіндікке ие болады.

Көрмелік іс-шара шеңберінде «Ұлттық қорғаныс және қауіпсіздік» байқауы және лауреаттарды марапаттай отырып, қатысушылардың арасында тақырыптық сайыстар өтеді. Жеңімпаздарды марапаттау үшін жүлделер, дипломдар және «Ұлттық қорғаныс және қауіпсіздік» байқауының медалі белгіленеді.

 

Дереккөз: http://www.arms-expo.ru/news/vystavki_i_konferentsii/v_erevane_proydet_vtoraya_mezhdunarodnaya_vystavka_vooruzheniya_i_oboronnykh_tekhnologiy_armhitec_20