«Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясының құрамына кіретін «Еурокоптер Қазақстан инжиниринг» ЖШС Ресей Федерациясынан келген «EС-145» тікұшағының техникалық инспекциясын (ірі формасы) орындауға ниетті.
Әуе борты, ТМД аумағында «EС-145» тікұшақтарын құрастыру және қызмет көрсететін жалғыз зауыт орналаскан Астанаға екі апта ұшып келді. Ұшу қашықтығы 5500 км. құрады.
Техникалық жұмыстарды орындау мерзімі екі айға жуық уақытты алады. Бұл осы ұшақтың алғашқы ұшып өтуі емес. Алдыңғы техникалық қызмет көрсетулерін тікұшақ осы жерде өтті. Онда жұмысты сәтті аяқтағаннан кейін, ЕКҚИ мамандары тапсырыс берушінің базасы тұрған жерге қосымша техникалық қолдау көрсету үшін шақырылған болатын.
Қазақстандық кәсіпорынның Ресейдің азаматтық авиациясы саласындағы уәкілетті органымен берілген авиациялық техникаға қызмет көрсету және жөндеу бойынша ұйымның сертификаты бар.
ЕКҚИ тікұшақтарына техникалық қызмет көрсету және ұшу-техникалық құрамын оқыту бойынша экспорт қызметтерін 2016 жылдан бастап көрсетіп келеді.