Эстония артиллериялық қару-жарақ сатып алуда

Финляндия Үкіметі Эстонияға 155 мм гаубица снарядтарын сатуды құптады.  Мәміле бағасы  € 8,5 млн. құрайды.

2018 жылғы 7 қыркүйектегі err.ee порталының хабарлауынша мәміле туралы хабарлаған Финляндия қорғаныс министрлігі сатылған оқ-дәрілердің саны мен олардың сапасын жарияламайды. Оқ-дәрілерді сатып алу Оңтүстік Кореядан K9 Thunder өздігінен жүретін артиллериялық қондырғыларды сатып алуға байланысты.

Эстониялық қорғаныстық инвестициялар орталығы маусым айының соңында  кореялық сауда және инвестицияларды қолдау ұйымымен және Hanhwa Land Systems қорғаныстық өнеркәсіптік компаниясымен тиісті шартқа қол қойды. Мәміленің құны 46 млн. еуроны құрайды — оған тек
12 қолданылған САУ-ды жеткізу ғана емес, сондай-ақ тиісті оқыту, техникалық қызмет көрсету және қосалқы бөлшектер кіреді.

Бірінші артиллериялық құрылғылар Эстонияға 2020 жылы келеді, содан кейін олар жергілікті армияның қажеттіліктеріне бейімделеді. Мерзімді қызмет әскериқызметшілеріне К-9 қондырғысынан атуды үйрету 2023 жылдан басталады.  Осы САУ атыстарының қашықтығы 40 км-ден асады, бұл құрылғы атыс басталғаннан кейін 30 секунд ішінде орналасқан жерін тастап кетуге жарамды. K9 салмағы 47 тонна, 65 км/с жылдамдықта қозғала алады, жауынгерлік есебі бес адамнан тұрады.   

 

Дереккөз:

https://eadaily.com/ru/news/2018/09/07/estoniya-kupit-u-finlyandii-snaryady-dlya-koreyskih-gaubic