Финляндия алғашқы оңтүстік кореялық К9 өздігінен жүретін гаубицаларды алды

Финляндия қорғаныс министрі Юссии Ниинисто 2018 жылғы
8 ақпанда Финляндияның
Вуосаари портына (Хельсинки) Оңтүстік Кореяның 155 мм/52 K9 Thunder өздігінен жүретін гаубицаларының (финдік Moukari) алғашқы партиясы келді деп хабарлады.

Оңтүстік Кореяның KOTRA мемлекеттік сыртқы сауда бірлестігімен Оңтүстік Корея армиясында бар 155мм/52 K9 Thunder өздігінен жүретін гаубицаларды сатып алуға арналған келісімшартты 2017 жылғы ақпанда Финляндия Қорғаныс министрлігі жасасты. Келісімшарт құны 146 млн еуро, оның ішінде оқу, қосалқы бөлшектер және сервистік қолдау құны кіреді. Жабдықтар Финляндия қорғаныс министрлігіне 2017 жылдан бастап 2024 жылға дейін жеткізілуі тиіс. Келісімшарт K9 гаубицаларының қосымша санын сатып алу мүмкіндігін қарастырады.

K9 гаубицалары Финляндия қорғаныс күштерінде ескірген Кеңес 122мм 2С1 «Гвоздика» өздігінен жүретін гаубицаларын (Финляндия белгісі 122 PSH 74) ауыстыруы керек. Қазір Финляндия әскері бұрынғы ГДР әскерінде бар1992 жылы сатып алынған 72 ACS 2S1-ке ие.

Оңтүстік-Кореялық Samsung Techwin қауымдастығы (қазіргі Hanwha Techwin) 155-мм/52 K9 Thunder өздігінен жүретін гаубицаны әзірледі және шығарды. Финляндиядан басқа, 2017 жыл ішінде Оңтүстік Кореяда САУ К9 сатып алуға арналған келісімшарттарды Эстония (12 бірлік) және Норвегия (тағы 24 опциямен 24), одан басқа Үндістанда 100 САУ К9 алуға арналған келісімшарттарды Үндістан Қорғаныс министрлігі жасасты. K9 шассиін оны 155-мм/52 Krab өздігінен жүретін гаубицаны падалана отырып, өндіру үшін Польша сатып алуда.

 

Дереккөз: https://vpk.name/news/206331_finlyandiya_poluchila_pervyie_yuzhnokoreiskie_samohodnyie_gaubicyi_k9.html