«KADEX-2018» көрмесінде құрлық әскерінің және арнайы мақсаттағы техниканың үлгілері ұсынылады

Семей машина жасау зауыты «KADEX-2018» көрмесінде автомобильдер мен арнайы техниканың үлгілерін көрсетеді

Мәселен, көрменің әлеуетті тапсырыс берушілері мен қатысушылардың назарына шынжыр табанды тасымалдау-тартқышын (ШТ-Т)  көрсетеді, ол жоғары өтімділікті негізгі корпусымен және алдыңғы жетекті доңғалақтары бар жоғары жылдамдықты жүзу машинасы.

Машина экологиялылығы, құрылымының қарапайымдылығы, өте жақсы жөндеуге жарамдылығымен ерекшеленеді және құмды жерлерде төмен жүктеме қабілетімен күрделі климаттық жағдайлардағы жұмыстарға пайдалануға арналған.

Экспонаттардың қатарында сондай-ақ КамАЗ шассиі мен МАЗ шассиінің  базасында АС-11 және АС-5 өртсөндіру автошанаштары бар.

Өрт сөндіру сорғысымен, сұйық өртсөндіргіш заттар үшін ыдыстармен жабдықталған алғашқы автокөлік, өрт орын алған жерге  жауынгерлік есептоптарды, өрттік-техникалық жабдықтарды, апаттық құтқару құралдарын, өрт сөндіру құралдарын жеткізу және төтенше жағдайларды жою жұмыстарын жүргізу үшін қолданылады.

Екінші — бір немесе бірнеше басқада автошанаштармен «сұйықтық айдау» жұмыстары кезінде дербес жауынгерлік бірлік немесе сорғылық қондырғы ретінде қолдануға болады.

«Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясының құрамына кіретін «Семей машина жасау зауыты» АҚ машина жасау өндірісінің толық циклына ие және жоғары өтімділікті шынжыр табанды техниканы және қосалқы бөлшектер өндіруге маманданған.

Қазіргі уақытта Семей машина жасау зауыты МАЗ жүк көлігін құрастыруға лицензиясы бар жалғыз қазақстандық кәсіпорын болып табылады.