«KADEX-2018» көрмесінің бірінші күнінің қорытындылары

«KADEX-2018» көрмесінің бірінші күнінің қорытындылары бойынша маңызды құрауышы — бұл іскерлік бағдарлама болды, оның барысында шетел мемлекеттерінің қорғаныс ведомстволарымен шарттарға қол қойылды.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)» РМК Ресеймен және Белоруссиямен екі маңызды келісімшарт жасасты. Сонымен, келісімшарт бойынша ресейлік «ВКО «Алмаз Антей» АҚ Қазақстанға «БУК-М2Э» зенитті-зымыран кешенің жеткізеді.

Ал, екінші келісімшартқа сәйкес белорустік «Белтехэкспорт» ЖАҚ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне Т-72 танкісі негізіндегі шыңжыр табанды өрт машинасын жеткізеді. Одан басқа Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)» РМК бас директоры Арман Қайырбекұлы Рамазанов пен «Белтехэкспорт» ЖАҚ бас директоры Анатолий Михайлович Окоронко ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, сондай-ақ пайдаланылмайтын әскери мүлікті өткізу мәселесін талқылады.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)» РМК бас директорының орынбасары Олжас Анатолийұлы Елеусізов «Рособоронэкспорт» АҚ-ның және қазақстандық «GP Group» ЖШС-нің өкілдерімен қару-жарақ пен әскери техниканы өткізу мәселелері бойынша жұмыс кездесуін өткізді.

Бүгінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)» РМК бас директорының орынбасары Талғат Қайырбайұлы Базарбеков пен AVIBRAS компаниясының (Бразилия) өкілдері келешектегі ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Анықтама үшін:

AVIBRASҚорғаныс өнімдері мен қызметтерін әзірлейтін және өндіретін Бразилияның әртараптандырылған компаниясы. Оның құрамына артиллерия және авиация қорғаныс жүйелері, артиллериялық реактивті жүйелерді қоса алғанда, «әуе-жер» және «жер-жер» сыныптағы зымырандар сияқты зымырандар мен зымыран жүйелері; 70 мм -«әуе-жер» жүйесі мен талшықты-оптикалық жетегі бар көп мақсатты басқарылатын зымырандар кіреді. Компания сондай-ақ бронды техникаларды жасап шығарады.