Канада мен Аустралия «Хорнет» F/A-18A/B жойғыштарын жеткізудің түпкілікті құнын келіспеді

ӘҚСТО, 6 маусым. Канаданың қоғамдық жұмыстар және сатып алу министрі Карла Куалтроу өткен CANSEC әскери техника көрмесінде Аустралияның ӘӘК құрамынан бірінші қос «Хорнет» F/A-18A/B жойғышын алудың 2019 жылға жоспарланғандығын мәлемдеді.

Дегенмен «Ottawa Citizen» газетінің хабарлауынша, министр 18 ұшақ, қосалқы бөлшектер, қару-жарақтар мен басқа да жабдықтарды жеткізуге жасалған келісімнің түпкілікті құны әлі анықталмағандығын растады. Канада үкіметі осы жобаны жүзеге асыру үшін 500 млн. кан. долларға дейін бөлген. Сатылым бойынша келіссөздер әлі жалғасуда.

Өз кезегінде Канада қорғаныс министрі орынбасарының материалдық қамтамасыз ету жөніндегі көмекшісі Пэт Финн ел үкіметінің Аустралиядан жобаның құндық бағалауы бар хат алғанын хабарлады. Оның сөзі бойынша ұсынылатын бағаны ескере отырып, келісімшартқа жылдың соңында қол қойылады, ал өнім беру2019 жылдың жазында басталады (бастапқыда үкімет Аустралияның ӘӘК құрамынан алғашқы жойғыштарды 2019 жылғықаңтарда алуды жоспарлаған).

Канадаға «Хорнет» F/A-18A/B жіберу үшін Аустралия АҚШ Мемлекеттік департаментінің мақұлдауын алуы тиіс, себебі осы ұшақтар Америкада шығарылған.

ЦАМТО-ның хабарлауынша 2017 жылғы желтоқсанда Аустралияның қорғаныс министрі Марис Пейн ел үкіметінің Канадаға елдің ӘӘК-де қарулануда тұрған
18 «Хорнет» F/A-18A/B-ны (F/A-18 Classic Hornet) сатуға келісім берген.

Қазіргі уақытта аустралиялық ӘӘК қарулануында шамамен 70 (жетпіс) F/A-18A/B ұшағы (екіорынды 16 (он алты) F/A-18B қоса алғанда). Аустралия ӘК қолбасшылығы қолда бар «Хорнет» F/A-18A/B жойғыштарын, оларды ақырындап бесінші буындағы «Лайтнинг-2» F-35A ұшақтарына ауыстыра отырып, 2022 жылға қарай қаруланудан алып тастауды жоспарлауда.

Канаданың Ұлттық қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше аустралиялық ұшақтардың «жасы» мен типі канадалық CF-18 ұшақтарына ұқсас және ол ӘӘК құрамына ең аз түрлендірумен, жеке құрамды оқытпастан және инфрақұрылымын өзгерпестен жылдам кірігіп кетуі мүмкін. Аустралия беретін F-18 түрлендіріледі және толық пысықталады, бұл оларды CF-18-ге ұқсас конфигурацияға әкелуге мүмкіндік береді. Олар жаңа буынды жойғыштар алғанға дейін Канаданың ӘӘК-де қолданылатын болады.

Бұдан бұрын Канаданың федералды үкіметі «аустралиялық» «Хорнет» F/A-18A/B-ның Колд-Лейке (Альберт провинциясы) және Баготвилле (Квебек провинциясы) базаларында CF-18 ұшақтарымен бірге қолданылатындығын растаған.

 

Ақпарат көзі: https://vpk.name/news/217778_kanada_i_avstraliya_poka_ne_soglasovali_okonchatelnuyu_stoimost_postavki_istrebitelei_fa18ab_hornet.html