Бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары

ҚАЙЫРЖАН ТЕМІРЖАНҰЛЫ ДОСМАҒАМБЕТОВ

1983 жылы 18 маусымда туған.

Білімі:

— 2008 жылы академик З. Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетін аяқтаған, «Қаржы бакалавры».

Қызмет ету барысында ҚР Ұлттық экономика министрлігі бюджеттік жоспарлау және болжау департаменті орта мерзімді болжамдарды талдау және қалыптастыру басқармасының басшысы, ҚР Қаржы министрлігі бюджеттік жоспарлау департаменті бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы, ҚР Қорғаныс министрлігі «Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)» РМК қаржы директоры-бас бухгалтері, «DGM BRAND» ЖШС Бас директорының орынбасары, «Семей» АҚ сыртқы экономикалық қызмет бөлімінің бастығы сияқты басшылық лауазымдарды атқарды.

Басшы лауазымдардағы жалпы еңбек өтілі 5 жылдан астам.