«МПИГ-68» модульдік далалық жұқпалы аурулар госпиталін жеткізуге арналған келісімшартқа қол қойылды

2020 жылғы 4-5 қараша аралығында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс комитетінің «Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)» РМК аумағында «МПИГ-68» модульдік далалық инфекциялық госпиталін жоспарланған сатып алу мәселелері бойынша «Мидивисана» компаниясымен (Беларусь Республикасы) жұмыс кездесулері өтті.

Жұмыс кездесулерінің қорытындысы бойынша ҚР ҚК мұқтаждары үшін «МПИГ-68» модульдік далалық жұқпалы аурулар госпиталін жеткізу туралы келісімшартқа қол қойылды.

Келісімшартқа «Мидивисана» ЖШҚ бас директоры Д.В. Мишута және «Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)» РМК бас директорының орынбасары Д.Р. Құсдәулетов қол қойды.