«Omnipol a.s.» компания өкілдерімен жұмыс кездесуі өткізілді

2022 жылғы 3-5 мамыр аралығында «Қазарнаулыэкспорт» РМК-ның «Omnipol a.s.» (Чех Республикасы) компаниясымен жұмыс кездесуі өтті. Кездесу қорытындысы бойынша қазақстандық және чехиялық тараптар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мұқтаждықтары үшін екі L-410 Ұшағын жеткізуге арналған келісімшарттың келісімділігі мен талаптарына қол жеткізді. Тараптар елдер арасындағы өзара тиімді әскери-техникалық ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға дайындығын білдірді.