Отан қорғаушылар күніне және Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар.

Астана, 2025 жылғы 6 мамыр – «Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)» РМК-да Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті.

Кәсіпорынның Бас директоры Р.М. Асансеитов құттықтау сөз сөйлеп, өз сөзінде қызметкерлерді мерекемен құттықтады.

«Отан қорғаушылар күні біздің елімізде Ұлы күн — Жеңіс күні қарсаңында атап өтіледі.

Бұл күні мемлекеттің, қоғамның және әрбір қазақстандықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін және Отанымыздың тыныштығын қорғайтын қорғаушыларға құрмет көрсетіледі.

Қорғаныс қабілетін үнемі арттыру – мемлекеттің стратегиялық міндеттерінің бірі.

Біз маңызды мемлекеттік міндетті орындаймыз. Біз Қазақстанның қорғаныс қабілетін нығайтуға үлес қосамыз және бұл мақтануға тұрарлық».

Мереке құрметіне Кәсіпорын қызметкерлері ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, ҚР Қорғаныс министрлігінің басшылығының және Кәсіпорын Бас директорының марапаттарымен марапатталды.

Кәсіпорынның ерлері үшін әйелдер ұжымынан концерттік бағдарлама, ойын-сауық ойындары мен викториналар ұйымдастырылды.