Польша Ұлттық қорғаныс министрлігінің қару-жарақ инспектораты
2018 жылғы 27 наурызда Leonardo тобымен (Италия) M-346 «Мастер» (польшалық белгісі «Белик»/Bielik) қосымша оқу-жаттығу ұшақтарын (ОЖҰ) жеткізуге арналған келісімшарт жасасты.
Қол қойылған келісім базалық келісімшарт шеңберінде төрт қосымша М-346 Мастер ұшағын, материалдық қамтамасыз ету пакетін және жеті базалық жаттығу тренажерін жеткізуді көздейді, ол Польшаның Әуе қорғанысы күштерінің ұшқыштарын оқыту жүйесініңн функционалдығын кеңейтуге мүмкіндік береді. Тапсырыс берілген жабдық 2020 жылғы
31 қазанға дейін Дэмблиндегі оқу-жаттығу авиацияның 41-ші базасына тапсырулуы керек.
Келісімшарт, қосымша төрт М-346 ұшағын сату опционың қамтиды, өткізілген жағдайда оларды жеткізу 2022 жылғы 31 қазанға дейін орындалуы тиіс.
Польшаның қазынашылығы атынан Қар-жарақ инспектораты жасаған келісімшарттың жалпы құны 1,0369 млрд. злотыйға (245 млн. еуро), оның ішінде базалық келісім шамамен 490 млн. злотыйға (115,8 млн. еуро) және опционға — шамамен 550 миллион злотыйға бағаланады.
Польшаның ӘӘК жеткізетін ОЖҰ Италияда сериялы шығралатын
М-346-нен ерекшеленеді. Ұшақ өзгертілген борттық радиоэлектрондық жабдықтармен жабдықталған, ол F-16 ұшқыштарын үйрету үшін арнайы бейімделген. «Мастер» сонымен қатар кабинаны жауып, ауыр ауа-райының жағдайына ұқсатуға мүмкіндік беретін «ұшқышты шағыстыруға арналған перде» деп аталатын жабдықпен жабдықталған.
Польша М-346 ұшағы борттық компьютерлерге арналған бағдарламалық жасақтаманың соңғы нұсқасымен жабдықталған. Бұл, атап айтқанда, қару-жарақ пен қауіп-қатерлердің әр түрлерін қоса алғанда, жауынгерлік жағдайға ұқсатуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, поляк нұсқасы итальяндық тежегіш парашюттен ерекшеленеді. Арнайы Польша ұшқыштары үшін сандық ақпарат алмасу жүйесі орнатылды.
Дереккөз: http://www.armstrade.org/includes/periodics/mainnews/2018/0328/093846012/detail.shtml