Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Превенция қызметінің аса маңызды істер жөніндегі офицерімен кездесу өтті

2023 жылғы 25 мамырда «Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)» РМК ұжымы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Превенция қызметінің аса маңызды істер жөніндегі офицері Жазира Жақсылыққызы Жылқышевамен кездесті.

Кездесудің мақсаты Кәсіпорын қызметкерлерін Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасындағы жаңалықтармен таныстыру болды.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасының заңнамасына енгізілген аса маңызды және мағыналы өзгерістер қозғалды.

Атап айтқанда, адалдықтың корпоративтік стандарттарын сақтауға жауапты квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметіндегі жаңа тәсілдерге ерекше назар аударылды.

Кадр саясаты бөлімі