«Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)» РМК Бас директоры тағайындалды

2024 жылғы 13 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс комитеті төрағасының бұйрығы негізінде «Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)» РМК Бас директоры қызметіне Асансеитов Ришат Мұханбетұлы тағайындалды.

Ришат Асансеитов 2022 жылғы қыркүйектен 2024 жылғы наурызға дейін ҚР ТЖМ Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің «Резерв» РМК Бас директоры қызметін атқарды, бұған дейін «Қазақстан инжиниринг ҰК» АҚ-да, «Тыныс» АҚ-да, ҚР ДСМ «Қазмедтех» АҚ-да, «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ-да, «Қазақстан машина жасаушылар одағы» ЗТБ атқарушы дирекциясында және ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ-да әртүрлі басшылық қызметтерді атқарған.

1

Кәсіпорынның жаңа басшысын ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Рахымжан Ержанұлы Исақұлов таныстырды.

4