2018 жылғы 23 қаңтарда ҚР ҚАӨМ «Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)» РМК Астана қаласындағы Мажарстан Елшілігінің кеңесшісімен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында Тараптар Кәсіпорын мен Мажарстан компаниясының арасындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқылады. Тараптар екіжақты әскери-техникалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға өзара әрекет жасауға дайын екендіктерін білдірді.