22 желтоқсанда бас директор А. Рамазановтың басшылығымен және «Белтехэкспорт» ЖАҚ өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті. Кездесу барысында Қазақстан Республикасының қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің кәсіпорындарында жөндеу және жаңғырту шартымен пайдаланылмаған әскери мүлікті сату мәселесі талқыланды. Кәсіпорындар арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық саласының мәселелері қаралды.