ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов Пәкістан Ислам Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Имтиаз Ахмад Казимен кездесті.
Келіссөз кезінде тараптар ортақ қызығушылық тудыратын – қорғаныс өнеркәсібі, киберқорғаныс және ғарыш салалары бойынша екіжақты ынтымақтастықты дамытуға ниетті екендерін білдірді.
Әскери-техникалық қызмет бойынша да ынтымақтастықты жетілдіре түсу жұмыстары жалғасатын болады.