Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің делегациясы Үндістанның Ченнай қаласында ағымдағы жылғы 11-14 сәуірде өткен «DEFEXPO India-2018» 10-шы халықаралық құрлық және әскери-теңіз қару-жарағы көрмесіне қатысты. Іс-шара Үндістан қорғаныс министрлігінің және Үнді өнеркәсіптік конфедерациясының қолдауымен екі жылда бір рет өткізіледі.
Биылғы жылғы көрменің тақырыбы құрлық әскерлері мен әскери-теңіз күштеріне арналған қару-жарақты, оған қоса ӘШҚҚ мен радиоэлектрондық күрес, армия авиациясы және ғарыш технологиялары, қосарлы мақсаттағы өнімдерді қамтиды.
DEFEXPO шеңберінде 430 компания өз өнімдерін және әзірлемелерін көрсетті. Ең үлкен экспозицияларды Үндістан, Ресей, Франция, Израиль, Ұлыбритания, АҚШ, БАӘ өндірушілері ұсынды.
DEFEXPO-2018 көрмесінде мыналар кеңінен ұсынылды:
— ұшқышсыз және роботталған жүйелер: жауынгерлік және барлау мақсаттары үшін түрлі модификациядағы және өлшемдердегі жауынгерлiк ұшатын дрондар, терроризмге қарсы тапсырмалар үшін роботтар;
— аруды иелену дағдыларын дамыту үшін жауынгерлік симуляторлар: қарапайым атыс қаруынан әскери техниканың күрделі қару-жарағына дейін және т.б. (қару-жарақпен қамтамасыз етуде нақты дағдыларды жоғарылату, әскерилердің кәсібилігін дамысту деңгейін қадағалау кезінде оқу мақсаттағы қаржылық шығындары аз);
Қарудың кең жиынтығы: «аттың және ұмыттың» принципі бойынша патрондар мен снарядтардан бастап торпедаларға, қанатты зымырандар мен жоғары дәлдікті қаруларға дейін (Үндістанда оқ-дәрілерге сұраныс жоғары, осыған байланысты әскерилерді даярлау үшін жоғарыда аталған симуляторларды белсенді түрде дамытылуда);
— әр түрлі сыныптағы брондалған машиналар: компаниялардың өкілдерінің айтуынша, бүгін Үндістан жаяу әскер үшін жаңа жабдықтар іздеуде.
Осы кезеңде, әлі де әлемдік қару-жарақ нарығында жаңа ойыншы бола тұра Үндістан кооперацияның әртүрлі нысандарына және өндірістік тізбектерді дамытуға, соның ішінде үшінші елдерге бірлесіп сатуына үлкен қызығушылық танытады.
Ел қару-жарақ пен жауынгерлік жүйелердің өндірісіне өз-өзіне жеткіліктілікке белсенді түрде бет бұруда. Жеке инжинерлік кадрлардың және индустриалды базаның болуы Үндістандық тарапқа СП шеңберінде локализацияны әдейі және тұрақты түрде арттыруға мүмкіндік береді.
Елде R&D секторын белсенді дамып келеді: көрмеде әзірге тек сынақтан өтіп жатқан Үндістандық әскерлердің жаңа түптұлғалы әзірлемелері таныстырылды.
Қазіргі уақытта Үндістан жаңа өндірістік деңгейге шығу үшін жеткілікті технологиялық әлеуетті жинақтады және 5-10 жылдан кейін әлемдік нарықта бәсекеге түсе алатын болады. DEFEXPO-2018-де ұсынылған үнді ҚӨК компанияларының жартысынан көбі шағын жеке меншік кәсіпорындар болып табылады.
23-25 мамырда Астана қаласында дәстүрлі түрде мамыр айының үшінші онкүндігінде екі жылда бір рет өткізілетін «KADEX-2018» бесінші халықаралық қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесі өтеді.
Жылдар бойғы жұмысында қазақстандық көрме барлық халықаралық каталогтарға енгізілді және соңғы қару-жарақ, әскери және арнайы техника мен технологияларды көрсету үшін жетекші аймақтық экспозициялық орындардың бірі болды.
Оның ұйымы заманауи және перспективалық технологиялық үрдістерді түсінуге, шетелдіктерді үйренуге және қорғаныс өнеркәсібі кешені өнімінің және қызметтерінің озық жеткізушілері тарапынан ұлттық жетістіктер мен әзірлемелерді кейіннен келісімшарттар мен келісімдер жасасу арқылы таныстыруға мүмкіндік береді.
«KADEX-2018» — Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қамқорлығымен алғаш рет өткізілуде. Биылғы жылы көрменің тарихында алғаш рет ғарыш өнеркәбінің өнімдері мен киберқауіпсіздік саласындағы әзірлемелердің жеке павильондары ұйымдастырылады.
Көрменің биылғы жылғы бағдарламасында басты назар, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың отандық өнімдер мен қызметтердің экспорты мен импортын белсенді түрде алға жылжыту жөніндегі тапсырмасы аясындағы оның іскерлік бөлігіне аударылды.