ҚР ҚАӨМ делегациясы «DSA-2018» Халықаралық көрмесіне қатысты

2018 жылғы 15-16 сәуірде Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б.Атамқұловтың басшылығымен Қазақстан Республикасы делегациясы Малайзияға жұмыс сапарымен барды, оның аясында қазақстандық мамандар «Defence Services Asia» (DSA-2018) қорғаныстық өнеркәсібі бойынша халықаралық көрме мен конференцияның ашылу рәсіміне қатысты.

Қазақстан өкілдері әскери техникалар мен қару-жарақтардың, сондай-ақ әскери және қос мақсаттағы өнімдердің жаңа үлгілерімен танысты.

Көрмеде Қазақстанның әлеуетті құрылымдары үшін арнайы әскери өнімдер өндіретін және шығаратын «Алма ДК» ЖШС өнімдері бар қазақстандық стенд болды.

ҚР ҚАӨМ делегациясы Малайзия министрліктерінің және ведомстволарының басшыларымен, сондай-ақ екі елдің қорғаныстық өнеркәсібі кешені, ғарыш қызметі және киберқауіпсіздік салаларындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланған компаниялардың өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді.

Атап айтқанда, Малайзия Қорғаныс министрі Х. Хусейнмен, Ғылым, технология және инновация министрлігінің Бас хатшысы А. Яхаймен, «Brahim’s Holdings Berhad»  басқармасының төрағасы Д.С. Ибрагиммен және «S5 Systems» басқарушы директоры Ю И. Чумен келіссөздер өтті

Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар екі жақты ынтымақтастықты кеңейтуге қызығушылық танытты.

Сондай-ақ, қазақстандық делегация Малайзия Премьер-Министрі Наджиб Тун Разактын қатысуымен өңірлік қауіпсіздік мәселелеріне арналған «Путраджая форумының» ашылу рәсіміне қатысты.

 

Анықтама:

«DSA 2018» – 16-шы Халықаралық қорғаныс саласындағы жүйелер мен қызметтер жөніндегі көрме және конференция. Бұл әлемдегі қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі ең ірі 5 көрменің бірі.

«DSA» көрмесінде құрлық әскерлері мен жағалау күзетінің қару-жарақтары, ӘШҚ, РЭК және байланыс құралдары, авиациялық, бронды танк техникасы және артиллериялық жүйелер, арнайы атыс қаруы, әскери-теңіз техникасы мен қару-жарақтары, сондай-ақ спутниктік және ғарыштық технологиялар және қосарлы мақсаттағы өнімдер ұсынылды.