ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б. Атамқұлов Ресей Федерацияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі А.Бородавкинмен кездесті.
Кездесу барысында ғарыш саласы, киберқауіпсіздік және қорғаныс-өнеркәсіп кешеніндегі екіжақты қатынастардың түрлі аспектілері талқыланды.
Тараптар «Байқоңыр» кешеніндегі бірлескен жобаларды дамыту мәселесіне ерекше көңіл бөлді.