Заңды тұлғалар бірлестігін (консорциум) «Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» ҚР Заңы жаңа жобасында (заң жобасы) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты (МҚТ) орындаушылар ретінде қатысуын шектеу туралы БАҚ-та таралған ақпараты дұрыс болып табылмайды.
Консорциумның мемқорғаныстықтапсырысты іске асыруға қатысуы үшін ешқандай шектеулер жоқ. Елдегі қолданыстағы заңнамаға сәйкес консорциумдар мемлекеттің кез-келген саласына, оның ішінде МҚТ-ға қатыса алады.
«Консорциум» түсінігі заң жүзінде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде бекітілгенін ескереміз. Заң жобасында кәсіпорындар Отандық тауар өндірушілер, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді берушілер тізілімі (Тізілім) талаптарын сақтаған жағдайда, консорциумға қатысуға мүмкіндік берілген.
Отандық өндірушілердің консорциумға бірлесуі мемқорғаныстықтапсырысты орындаушыларды таңдау кезінде үлкен мән беретін, соңғы өнімде қазақстандық қамту үлесін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Өз тарапынан ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі басқа өндірушілерге қарағанда 10%, мүмкін 20% жоғары баға болған кезде де тауарларды шығару, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде отандық қамту үлесін жоғары ұсынатын өндірушілердің пайдасына таңдауды жүзеге асыру (өзге де бірдей талаптар кезінде) мүмкіндігі нормаларын МҚТ-ны қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидаларында қарауға дайын.
Отандық жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары үшін, МҚТ-ға қатысуға шектеу қойылмайтынын ескереміз. Көптеген кәсіпорындар, Тізілімге енгізу үшін біліктілік талаптары сәйкес осы саладағы дайын өнімді өндірушілер бұрынғыдай МҚТ-ға қатыса алады.
«Жасампаз» консорциумына нақты келсек, қазіргі уақытта оған қатысушылар Тізілімде берілген, сондықтан өндірісті жабу не жеңіл өнеркәсіптің 6 мың жұмыскерін қысқарту туралы сөз жоқ.
Бұдан басқа, 2019 жылға қорғаныстық тапсырысты жоспарлау ағымдағы жылғы мамырда аяқталған, сондықтан қолданыстағы заңнамалық нормалар, МҚТ-ны қалыптастыру, орналастыру және орындау бөлігінде 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады.
Жеңіл өнеркәсіп үлесі өнеркәсіптік өндіріс көлемінде 0,4%, ал өңдеу өнеркәсібінде 1% құрайтынын ескеру қажет. Бұл осы саланың біздің еліміздің экономикасына әсер етуі басқа салалармен салыстырғанда тұтастай шамалы екенін көрсетеді.
ҚР ҚАӨМ өз құзыреті шегінде отандық жеңіл өнеркәсіпке жан-жақты қолдау көрсетуде, заң жобасында МҚТ құрамында тауарлар номенклатурасын кеңейту бекітілген.
Егер бұрын мемқорғаныстықтапсырыс құрамында әлеуетті органдар үшін әскери және арнайы киім нысанын, айырым белгілерін және жеке қорғану құралдарын шығару ғана болса, қазір заң жобасында барлық киім-кешек мүлкін, төсек орын мен ішкі киімге дейін қосу бекітілген. Бұл жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары үшін МҚТ көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді, ол оны қолдау шараларының бірі болады, сондай-ақ оларға өндірісті және жұмыс орындарын көбейтуге мүмкіндік береді.
Консорциумды мемқорғаныстықтапсырысты орындаушыларға қосу туралы түзетуге қатысты ұсынысты ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары ұсынған, бұл ретте бұл түзету консорциумның мемқорғаныстықтапсырысқа толық қатысуы мәселесін шешпеген.
Осыған байланысты ҚР Үкіметі консорциумға қатысушылардың жауапкершілігі, консорциумдарды Тізілімге енгізу және шығару тәртібі және басқа да маңызды факторлар бөлігінде республиканың қолданыстағы заңнамасында олқылықтар мен коллизияларға жол бермеу мақсатында, заң жобасында қосымша нормалар белгілеу талабымен осы түзетуді қолдау туралы қорытынды берген.
Осы мәселелер ҚР Парламенті Мәжілісінде талқыланған, одан кейін оны басқа заң жобалары шеңберінде талқылау мүмкіндігімен түзету заң жобасынан алынған, себебі ол осы тақырыпқа терең және кешенді қарауды талап етеді және ҚР қолданыстағы заңнамасына қосымша өзгерістер енгізуді көздейді.
Өз тарапынан ҚР ҚАӨМ осы заң жобасын қабылдау шеңберінде ғана емес, МҚТ-ны іске асырудың басқа мәселелері кешенінде де осы тақырыпта барлық мүдделі әріптестермен «ашық диалогқа» және талқылауға дайын.