ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ақпараттық қауіпсіздік комитетімен KZ-CERT Компьютерлік қақтығыстарға әрекет ету қызметінің ақпараты негізінде, Интернетті қауіпсіз қолдануға қауіп тудыратын фишинг-парақшалар және зиянды бағдарламалық қамтамасыз етулер, бұзулар айқындалған, 288 қазақстандық интернет-ресурсқа қатысты шаралар қабылдау үшін Қазақ желілік ақпарат орталығына хабарландыру жолдайды.
Бұдан басқа, заңнамаға сәйкес, бекітілген мерзімде домендік атауды қолдануды тоқтата тұруға алып келген бұзылысты жоймауға байланысты Интернет желісінің қазақстандық сегментінде 124 домендік атаулардың жұмыс істеуі тоқтатылды.
Зиянды бағдарламалық қамтамасыз ету – жеке компьютерге, серверге, немесе компьютерлік желіге залал келтіру үшін, арнайы жасалған бағдарламалық қамтамасыз ету. Интернет-ресурсты бұзу – теріс пиғылды адам интернет-ресурс арқылы, интернет-ресурс файлдарына немесе басқару жүйесінің әкімшілік ету бөліміне рұқсат етілмеген қатынауға қол жеткізу. Фишинг – компьютерлік алаятықтың бір түрі, негізгі мақсаты – құрбанды алаяққа қажетті ақпаратты алдамшы жолмен еріксіз беруге көндіру. |
Бұл интернет-ресурсқа кірген барлық қолданушылар өзін ықтимал зардаптардан қауіп-қатерден сақтау үшін, антивирустық құралдармен өздерінің компьютерлерін тексеру ұсынылады, интернет-ресурстан қандайда бір мәліметтер жүктелген жағдайда, ашпас бұрын олардың қосымша тексеруін өткізу ұсынылады. Сонымен қатар бағдарламалық қамтамасыз етуді ұдайы жаңарту, сенімді құпия сөздер қолдану және оларды құпияда сақтау ұсынылады.