2018 жылғы 16-19 сәуір аралығында Малайзияда өтетін «Defence Services Asia» Халықаралық қорғаныстық өнеркәсіп көрмесі шеңберінде қазақстандық делегация ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Б. Атамқұловтың басшылығымен Пәкістан Ислам Республикасы Қорғаныс комитетінің төрағасы М. Догармен, Индонезия Қорғаныс министрі Р. Рякудумен және Сингапур Қорғаныс министрі Н. Хеномен кездесу өткізді.
Келіссөздерде елдердің қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен, ғарыш қызметі, киберқауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.