ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов Француз Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Филипп Мартинэмен кездесті

Келіссөз барысында қазақстандық және француздық тараптар екіжақты ынтымақтастықты дамыту мен нығайтуды талқылады.

Бүгінде Қазақстан мен Франция ғарыш қызметі мен қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту бойынша игілікті ынтымақтастық орнатып келеді. Оған екі француздық компания — «Airbus Defence & Space» концерні мен «Талес» компаниясымен Жерді қашықтықтан зондтау ғарыштық жүйесін құру мен пайдалану, координатты радиолокациялық станцияларды өндіру, ЕС145 тікұшақтарын құрастыру және қызмет көрсету бойынша бірлескен жобаларды іске асыру дәлел бола алады.