Кездесу барысында екі елдің қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің кәсіпорындары арасындағы әріптестікті дамыту мәселелері талқыланды.
«Бізге испандық компаниялардың аэроғарыш және қорғаныс өнеркәсібі салалары бойынша ұсыныстарын жан-жақты қарастыру керек. Себебі, аталған спектрге құрал-жабдықтар мен техника, бағдарламалық әзірлемелер, киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы заманауи технологиялар және «ақылды» қалалар мен өндірістерді басқару жөніндегі тұжырымдамаларды дамыту еніп отыр.
«Мен қорғаныс-өнеркәсіп кешені саласындағы әлемдік көшбасшылардың тиімді инновациялық технологияларын зерделеп, үйрену жөнінде тапсырма бердім, осы орайда біздің аталған бағыттағы жұмыстарымыз кәсіпорындар кешені мен технологиялар трансфертін дамытып қана қоймай, Қазақстанның өзге де мемлекеттермен дипломатиялық қарым-қатынасын нығайта түсуіне септігін тигізеді деп сенеміз»,- деді Асқар Жұмағалиев кездесу барысында.
Испания Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Карриедо Томас Давид Артуро Қазақстандағы қызметін 2018 жылғы қазан айынан бастап атқарып келеді. Елші өз кезегінде Қазақстан-испандық қарым-қатынасты бірқатар бағытта, соның ішінде әскери-техникалық әріптестік бағытында дамытуда Елшілік тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетінін айтып өтті.
Сондай-ақ, Елші Қазақстанда өткізілетін, экспортқа арналған өнімдерді ұсынудың әлеуетті алаңына айналған Халықыралық «KADEX» қару-жарақ пен әскери техникалық мүлік көрмесіне испандық қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындарының қызығушылық танытып отырғанын жеткізді.
Анықтама:
2005 жылдан 2018 жылдың III тоқсаны аралығында Испаниядан Қазақстанға тартылған тікелей инвестициялардың жалпы көлемі 205,4 млн. АҚШ долларын құраса, Испания экономикасына тартылған тікелей инвестициялардың жалпы көлемі – 31,1 млн. долл. 2018 жылдағы епкі ел арасындағы тауар айналымы — 2,041 млрд. АҚШ долл.