Ресейдің Қорғанысмині Қырымдағы әскери объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін құны 535 млн. рубльден астам «Галактика 1СВ» күзет жүйесін сатып алуға арналған жабық аукцион жариялады. Бұл туралы ТАСС мемлекеттік сатып алу порталының деректеріне сілтеме жасай отырып,
2018 жылғы 1 тамызда хабарлады.
«Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі Ресейдің Қорғанысмині бекіткен ерекшелік бойынша Қырым Республикасының аумағында орналастырылған (жеткізу, орнату жәнеіске қосу-баптау жұмыстары) I, II, III санатты РФ Қарулы Күштерінің объектілерін жарақтандыруға арналған техникалық күзет құралдарын жеткізуге арналған жабық аукцион өткізілетіні туралы хабарлады»
Бұл жерде әңгіме «Галактика 1СВ» техникалық күзет құралдары кешенін жеткізу, орнату және іске қосу-баптау жұмыстары туралы болып отыр. Осы жүйенің бірінші жиынтығын 2020 жылғы 10 қарашаға дейін жеткізу талап етіледі.
Мемлекеттік келісімшарттың бастапқы (ең жоғары) бағасы 535,9 млн. рубльден асады. Мемлекеттік келісімшарттың орындаушысын 2018 жылғы 27 тамызда таңдайтын болады.
Ғылыми-зерттеу және конструкторлық радиоэлектрондық техника институтының (ҒЗКРТИ) ресми сайтында жарияланған деректерге сәйкес «Галактика 1СВ» техникалық күзет құралдары кешені РФ Қарулы Күштері объектілерінің кешендік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған. Оған әдетте, табу және бақылаудың периметрлік құралдары, сондай-ақ тыйым салынған аспаптар мен заттарды табу құралдары кіреді.