Ресей Қорғаныс министрлігі бронды техникаларды дамытудың жаңа тұжырымдамасын бекітті. Барлық жеңіл жауынгерлік машиналар үшін (ЖӘЖМ, БТР және брондалған автомобильдер) 57 мм — жаңа максималды калибрі таңдалды.
Бұл туралы РФ Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасай отырып,
2018 жылғы 8 қарашада «Известия» газеті хабарлады.
Бұрын қолданылған 30 немесе 100 мм калибрлі қарулардың жоғары жылдамдықты немесе брондалған нысаналарға тиімділігі көбінесе аз болды.
Ең жоғары калибрі 57 мм құрайтын жаңартылған зеңбіректер өзінің әмбебаптығы мен атудың ұлғайтылған жылдамдығымен ерекшеленетін болады. Осының арқасында оларды, оның ішінде ұшқышсыз ұшатын аппаратпен, сондай-ақ танктердің кез-келген түрлерімен күресу үшін қолдануды жоспарлап отыр.
Қазіргі уақытта Ресей мұндай қарудың сериялық өндірісін бастаған әлемдегі алғашқы ел болып табылады.
Дереккөзі:https://vpk-news.ru/news/46177