2018 жылдың 23-26 мамыр аралығында Астанадағы Халықаралық әуежайдың әскери секторы аумағында «KADEX — 2018» қару-жарақ және әскери-техникалық V Халықаралық көрмесі өтетін болады.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі алғаш рет «KADEX — 2018» көрмесінің ұйымдастырушысы болып табылады.
Аталған іс-шараға отандық және шетелдік қорғаныс-өнеркәсіп кешені, ғарыштық сала мен ақпараттық қауіпсіздік саласының кәсіпорындары, жетекші конструкторлық бюро мен ғылыми-зерттеу институттары қатысады.
Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласының 20 жылдығына орай мерейтойлық «KADEX» көрмесі жаңартылған форматта өтетін болады.
Қару-жарақ үлгілерін көрсетуімен қатар бағдарламаның іскерлік бөліміне де көңіл бөлінеді. Іс-шара шеңберінде пленарлық және секциялық отырыс, конференция, «дөңгелек үстел» форматында барлық елдердің мамандары қорғаныс және қауіпсіздік, әлемдік ғарыш саласын дамыту мәселелері төңірегінде пікір алмасып, замануи кезеңде киберқорғаныспен қамтамасыз ету мәселелері талқыланатын кең көлемді ғылыми-іскерлік бағдарлама жүзеге асырылады.
Көрменің басты ерекшелігі – «KADEX — 2018» көрмесінің құрамдас бөлігі ретінде «Қазақстандағы ғарыштық күндері» Халықаралық форумның өткізілуі. Алғаш рет Көрмеде отандық және әлемдік космонавтиканың жетістіктеріне арналған жеке павильон ұсынылатын болады.
Көрменің іскерлік бағдарламасында «Cyber and Digital Security» және «Advanced Def Tech» конференциялары өтеді.
Көрмеде жетекші әлемдік өндірушілердің қару-жарағы және әскери техника, әскери және екі мақсаттағы өнімдері көрсетілетін болады.
23-24 мамыр – мамандарға арналған «жабық күндері», 25-26 мамыр күндері «KADEX — 2018» көрмесі көпшілік аралау үшін ашық болады.
Өткізу орны: Астана қ., Астана Халықаралық әуежайдың әскери секторы.
БАҚ өкілдерінің назарына!
«KADEX» көрмесінің «жабық күндері», яғни ү.ж. 23 және 24 мамырда іс-шараға қатысу үшін БАҚ өкілдері аккредитациядан 2018 жылдың 15 мамырдан кешікпей өту тиіс.
Аккредитациядан өту үшін қазақстандық БАҚ өкілдері аты-жөні, жеке куәлік мәліметтері, лауазымы және басқа да ақпарат қамтитын тиісті аккредитациялық форманы (үлгі қоса беріліп тұр) толтыру қажет.
Көрмеге келген кезде БАҚ өкілдері МІНДЕТТІ ТҮРДЕ ЖЕКЕ КУӘЛІКТІ ӨЗІМЕН БІРГЕ АЛЫП КЕЛУ ТИІС.
Толтырылған форманы келесі электрондық мекен-жайға жолдау қажет: amirova_ainura@inbox.ru, телефондары 8-7172-79-29-38, 8-701-181-65-65 (жауапты тұлға — Әмірова Айнұр).
«KADEX — 2018» қару-жарақ және әскери-техникалық V Халықаралық көрмесін
ақпараттық сүйемелдеуге аккредитацияланған БАҚ өкілдерінің
ТІЗІМІ
№ |
Ұйым атауы |
Аты-жөні |
Лауазымы |
Жеке куәлік нөмері |
ТЕЛЕАРНАЛАР |
||||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
АҚПАРАТТЫҚ АГЕНТТІКТЕР |
||||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
БАСПА БАСЫЛЫМДАР |
||||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|