«Рособоронэкспорт» АҚ (Ресей Федерациясы), «Қазарнаулыэкспорт» РМК және Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі арасында жұмыс кездесуі өтті.

2021 жылғы 15-17 наурыз аралығында «Қазарнаулыэкспорт» РМК, «Рособоронэкспорт» АҚ, «Ростех» МК (Ресей Федерациясы) және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің өкілдері арасында жұмыс кездесуі өтті.
Кездесу аясында Ресей тарапы өндірілетін өнімнің мультимедиялық тұсаукесерін өткізді.
Келіссөздер барысында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мұқтаждары үшін әскери мақсаттағы өнімдерді жеткізу мәселелері талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара тиімді әскери-техникалық ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.