Ресей Федерациясының Қарулы Күштеріне ең жаңа өздігінен жүретін 82-мм «Дрок» минаатқыштарын және өздігінен жүретін 120-мм «Флокс» артиллериялық қаруларын жеткізуге арналған келісімшартқа қол қойылды. Бұл туралы 2019 жылғы 1 қазанда «Уралвагонзавод» АҚ-ның әскери-техникалық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі армия генералы Алексей Маслов ТАСС-қа берген сұхбатында мәлімдеді.
««Набросок» жобасы шеңберінде Ресей Қорғаныс министрлігінің тапсырысы бойынша әзірленген «Флокс» өздігінен жүретін артқондырғысы мен «Дрок» минаатқышы алдын ала сынаудың соңғы сатысында тұр. Барлығы жоспарға сәйкес жүріп жатыр. Олардың сериялық дайындалуына келісімшарт бар,- деді А. Маслов».
САУ «Флокс»
«Флокс» 120 мм қару 6×6 доңғалақты формулалы «Урал-4320» әскери бронеавтомобильінің негізінде құрастырылған. Қару алғаш рет «Армия-2016» форумында көрермен назарына ұсынылды. Жаңа ӨЖАҚ-ның басты ерекшелігі – минаатқыш миналарының барлық типтерімен және дайын үстемелері бар снарядтармен атуды қамтамасыз ететін аралас жартылай автоматты ойық құрал. Қару гаубица және минаатқыш сияқты ата алады, сондай-ақ тікелей нысанамен атуда қолданылады.
«Дрок» өздігінен жүретін кешені брондалған «Тайфун-ВДВ» автомобилінің негізінде құрылған. Минаатқыш қалыпты 82-мм
оқ-дәрілермен, сондай-ақ қуаты мен алыстығы жоғары жаңа миналармен де ата алады. Машинаның жауынгерлік бөлімшесінен және жерден атуына жол беріледі.
РФ Қорғаныс министрлігі бұған дейін «Дрок» мобильді минаатқышының мемлекеттік сынағы 2019 жылы өтеді деп хабарлады.
Дереккөз: https://военное.рф/2019/Гособоронзаказ54/