2021 жылдың мамыр айында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V ҚРЗ Заңына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы
19 қазандағы №12 бұйрығына сәйкес, «Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – Кәсіпорын) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы» 2021 жылғы 13 мамырдағы № 123 бұйрық негізінде 2019-2020 жылдар кезеңіне Кәсіпорынның сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Кәсіпорындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау қорытындылары Кәсіпорынның құқықтық актілері мен ішкі құжаттарында сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу бойынша шешімдердің алқалы қабылдануы, Кәсіпорынның құжат айналымын цифрландыру, шарттар (келісімшарттар) жасасудың ашық рәсімі, комиссиялардың жұмыс барысын бейне және аудио-белгілеу және т.б. нормалар көзделгенін көрсетті, бұл Кәсіпорынға жарғылық қызмет міндеттерін орындау кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін қысқартуға мүмкіндік береді. Қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстар жасау жағдайлары анықталған жоқ.
Кәсіпорын өз функцияларын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл талаптарын сақтай отырып, Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілері шеңберінде орындайды.