Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс комитетінің «Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнында (бұдан әрі – Кәсіпорын) Бас директордың 2020 жылғы 11 наурыздағы № 115 бұйрығымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар» бекітілді, оның мақсаты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету, оларды барынша азайту және алдын алу, Кәсіпорын қызметінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне құқықтық сауаттылықты және нөлдік төзімділікті арттыру болып табылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарға сәйкес Кәсіпорындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері үшін жауапкершілік Бас директорға жүктеледі, бұл ретте Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінің басшылары Кәсіпорын қызметкерлерінің осы стандарттарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады.

Кәсіпорында жұмыскерлерді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттармен түсіндіру және таныстыру жұмыстары жүргізілді.