Түркия армиясы алғашқы отандық соққы беретін дрондармен қаруланды

2018 жылғы 5 ақпанда armyrecognition.com порталы Turkish Aerospace Industries (TAI) компаниясының Anka-S ұшқышсыз ұшатын аппаратты Түркия ҚК бергендігін хабарлады.

TAI компаниясы мен Түркия Қорғаныс министрлігі 2013 жылы қол қойған келісімшартқа сәйкес өндіруші 2018 жылдың соңына дейін 10 бірлік Anka-S-тіармияға жеткізуі тиіс. Түркия әскери ведомство өкілінің айтуынша жауынгерлік дрондардың негізгі мақсаты ел ішінде, сондай-ақ Сирия мен Ирактың Түркияға іргелес аудандарында күрд қарулы құрылымдарына қарсы күрес болады.

Anka-S ұшқышсыз ұшу аппаратын әзірлеу АҚШ-тың Түркияға «Reaper» және «Predator» соққы беретін дрондарын сатудан бас тартқаннан кейін 2004 жылы басталды. Бастапқыда TAI компаниясы аппараттың екі нұсқасын әзірледі: Anka Block A (барлау) және Anka Block B (соққы беру), ал мүмкіндіктерді толық спектрін алған сериялы нұсқа Anka-S деп аталады.

Anka-S максималды ұшатын салмағы 1,6 тонна (пайдалы жүктеме
200 кг). жалпы ұзындығы 8 метрден кем емес кезде қанаттың құлашы 17,4 метрді құрайды.
Ұшқышсыз ұшатын аппарат 155,000 а.к. қауты бар Thielert Centurion 2.0 поршенді қозғалтқышымен жабдықталған. Ауадағы максималды ұзақтығы 24 сағатты құрайды, ұшу биіктігі 9 шақырымға жетуі мүмкін.

 

Дереккөз:

http://www.arms-expo.ru/news/vooruzhenie_inostrannykh_armiy/bespilotnik_anka_s_vstal_v_stroy/