Әзірбайжан Қарулы Күштерінің 100 жылдығы құрметіне өткен әскери парад

Әзірбайжанның қорғанысы мен әскери қуатын қамтамасыз ететін мемлекеттік ведомстволардың төрт мың әскери қызметшісі астананың орталық алаңы арқылы сап түзеп өтті.

БАКУ, 26 маусым — Sputnik. Әзірбайжан Қарулы Күштерінің жүз жылдық мерейтойы құрметіне Бакуде «Азадлыг» алаңында 26 маусым сейсенді күні ауқымды әскери парад ұйымдастырылды, онда елдің қауіпсіздігі мен қорғанысы үшін жауапты барлық ведомстволар таныстырылды.  

Парадқа Әзірбайжан Республикасының президенті, Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Ильхам Алиев қатысты. Құрметті қонақтар арасында – бірінші ханым Мехрибан Алиева, мемлекеттің және үкіметтің ресми адамдары, Милли Меджлис депутаттары, шет елдердің Әзірбайжанда аккредиттелген елшілері, әскери аттешелер, халықаралық ұйымдардың қызметкерлері, мерейтой іс-шараларына байланысты республикаға келген делегациялар басшылары, соғыс ардагерлері және астана қоғамдастықтарының өкілдері болды.

Қорғаныс министрі генерал-полковник Закир Гасанов президент, Жоғарғы Бас қолбасшы Ильхам Алиевке баянат жасады.

Мемлекет басшысы Жоғарғы бас қолбасшы Ильхам Алиев әскери парадқа қатысушы жеке құраммен сәлемдесті.

Қорғаныс министрлігінің үлгілі оркестрінің орындауында Әзірбайжан Республикасының мемлекеттік гимні шырқалды.

Республика қорғаныс министрлігінің ақпаратына сәйкес салтанатты шеруде Қорғаныс, Ішкі істер, Төтенше жағдайлар министрліктерінің, Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің, Мемлекеттік шекара қызметінің және Мемлекеттік күзеттің арнаулы қызметінің Түркия Қарулы Күштері парадтық құрамының шамамен төрт мыңға жуық әскери қызметшісі өнер көрсетті.

Парадта 240 бірліктен астам әскери техника, 70 бірліктен артық ұшу құралы, оның ішінде қару-жарақ пен техниканың жақында ғана қарулануға қабылданған түрлі түрдегі ең жаңа және қазіргі заманғы түрлері – броньды техника, зымыран және артиллерия қондырғылары, әуе шабуылына қарсы жүйелер, тікұшақтар, ұшқышсыз ұшу аппараттары таныстырылды.

Әзірбайжанның осы салтанатты күніне Түркияның, Пәкістанның, Беларусьтің, Бахрейнаның, Біріккен Араб Әмірліктерінің, Грузияның, Иранның, Израильдің, Қазақстанның, Өзбекстанның, Ресейдің, Сауд Арабиясының және Украинаның жүзге тарта армия және үкімет өкілдері шақырылды.

Жүз жыл бұрын тәуелсіз Әзірбайжанның армиясы құрылды. Оның құрылуы Әзірбайжан Демократиялық Республикасының (ӘДР) 1918 жылғы 26 маусымда шыққан қаулысынан бастау алды.

Мұсылман корпусының атауын Жеке Әзірбайжан корпусы деп ауыстыру туралы шешім тәуелсіз Әзірбайжанның Қарулы Күштерін құру үшін құқықтық негіз болып табылды.

Ұлы Гейдар Алиевтің 1998 жылғы 26 маусымдағы Жарлығымен
26 маусым Қарулы Күштердің құрылған күні және жұмыс күні емес деп жарияланды.

Қарулы күштердің бірінші парады Бакуде 1992 жылғы тоғызыншы қазанда өткізілді. Бакуде 2011 жылғы 26 маусымда Қарулы Күштер күніне және тәуелсіздікті қалпына келтірудің 20 жылдығына арналған әскери парад өткізілді, ал 2013 жылы Қарулы күштердің құрылуының 95 жылдығына арналған парад өткізілді. Парад алдында Қарулы күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы президент Ильхам Алиев сөз сөйледі.

Әзірбайжанның Құрлық, Әскери-әуе және Әскери-теңіз күштерінен, құралған Қарулы күштері Әзірбайжан тәуелсіздігін, аумағының тұтастығын және халқының бостандығын қорғауға жұмылдырылған. Олар Оңтүстік Кавказдағы ең күшті және дайындалған қарулы күштері болып саналады.

 

Ақпарат көзі: https://ru.sputnik.az/azerbaijan/20180626/415934455/baku-parad-den-armii.html