«Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)» РМК-да Польша компанияларының өкілдерімен кездесу өтті

«Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)» РМК-да Польша компанияларының өкілдерімен кездесу өтті

2026 жылғы 23 шілдеде «Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)» РМК-да MJ BALISTIC GEAR Sp. z o.o. және Wolf Ventures SWISS AG (Польша мен Швейцария аумағында қызметін жүзеге асыратын халықаралық компания) өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті.

         Кездесу барысында MJ BALISTIC GEAR компаниясының өкілдері өз қызметі туралы ақпарат ұсынып, қорғаныс мақсатындағы өнімдерді, ұшқышсыз жүйелерді, жеке қорғаныс құралдарын, медициналық өнімдерді және инфрақұрылымдық шешімдерді жеткізу бағыттары жөнінде таныстырды.

         Wolf Ventures SWISS AG компаниясының өкілдері халықаралық және трансшекаралық мәмілелерді сүйемелдеу саласындағы қызметі туралы ақпарат берді. Компания қаржылық, құқықтық және реттеушілік сүйемелдеуді, сондай-ақ халықаралық жеткізілімдерді ұйымдастыруға арналған шешімдерді ұсынады.

         Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктерін талқылап, қызмет бағыттары мен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша пікір алмасты.