РФ ҚК ОӘО әскери қолбасшысы А.П. Лапин қазақстандық броневиктерге жоғары баға берді

Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінің Орталық әскери округінің әскери қолбасшысы генерал-лейтенант Александр Лапин Астана қаласында орналасқан «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС зауытында болды.       

А. Лапин броньды дөңгелекті машина (БДМ) шығаратын зауыттың қызметімен, сондай-ақ «Арлан» БДМ технологиялық өндірісімен танысты.
Сапар кезінде РФ ҚК ОӘО әскери қолбасшысы, сонымен қатар РФ ҚК өкілдері  өндірістің технологиялық барысын көріп шықты.
Сонымен қатар, «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС Бас директоры Ербол Сәлімов қонақтарға 6х6, 8х8 дөңгелекті формуласындағы «Барыс» бронетранспортерлерімен қатар, «Алан» броньды дөңгелекті машинасын дайын нұсқаларын көрсетті. РФ ҚК ОӘО әскери қолбасшысы А.Лапин қазақстандық броневиктердің техникалық көрсеткіштеріне және зауыттың өндірістік мүмкіндіктеріне жоғары баға берді.