Israel Weapon Industries (IWI) компаниясы Tavor TS12 қаруын таныстырды

Israel Weapon Industries (IWI) компаниясының Tavor қару-жарақ желісі жаңа модельмен толтырылды. 2018 жылдың 17 қаңтарда thefirearmblog.com IWI Tavor TS12 деп аталатын буллпап* қаруын таныстырды.

Жаңа қару әдеттегі бытыралы мылтықтан ерекшеленеді. Біріншіден, ол буллпап жүйесі бойынша жасалды, екіншіден, құбырлы типтегі айналмалы ұннғыастылық қораппен жабдықталған. Кіріктірілген қораптың әрбір түтігіне 12 калибрлі 5 оқ сыйады. Осылайша, атқышта 15 + 1 патроннан тұратын оқ-дәрілер болады, сонымен бірге қораптың әрбір түтіктерін түрлі типтегі патрондармен толтыруға және, олардың арасында тез ауысуға болады.

Мылтықтың салмағы 3,5 килограмды құрайды, гильзаларды шығару атқыштың таңдауы бойынша оңға немесе солға жүзеге асырылуы мүмкін. Tavor TS12 қайта зарядтаудың газды жүйесін пайдаланады, ұзындығы 18,5 дюймды (47 см) құрайды. Tavor TS12 тактикалық стильде жасалады. Ұнғының үстінде Пикатинни планкасы орнатылған, ал ұнғының қорғану қаптамасы аксессуарлар үшін бекітпеле жүйесімен жабдықталған.

АҚШ-тағы өндіруші жариялаған Tavor TS12 бөлшектік құны 1400 АҚШ долларын құрайды.

 

*Винтовкалар мен автоматтардың механизмдерінің орналасу жүйесі, онда мылтықтың тартпасы алға жылжыған және қорап пен соққы беру тетігінің алдында орналасқан. Осындай құрастырудың арқасында қарудың жалпы ұзындығы ұнғының ұзындығын өзгертпей және сәйкесінше, атудың шоғырлығы мен дәлдігін, сондай-ақ атудың тиімді қашықтығын жоғалтпай айтарлықтай қысқарады.

 

Дереккөз:

http://www.arms-expo.ru/news/vooruzhenie_inostrannykh_armiy/tavor_ts12_drobovik_po_izrailski/