«KADEX-2018» Көрмесінің аясында ҚР ҚАӨМ өкілдері мен шетел делегаттары аралығында келіссөздер жүргізілді

V Халықаралық «KADEX-2018» қару-жарақ және әскери-техникалық  мүлік көрмесі барысында ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б. Атамқұлов пен Түркия Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары Юнус Караосманоглу және Түркия қорғаныс өндірісі комитетінің басшысы Исмаил Демирдің кездесулері өтті. Келіссөз кезінде тараптар әскери-техникалық ынтымақтастық пен жобалардың даму барысын талқылады. 

Сонымен қатар, «KADEX» алаңында Израиль Қорғаныс министрлігі Қорғаныс экспорты бойынша Агенттіктің директоры Мишелем Бен-Барухпен де кездесу өтіп, ол жерде екі жақ қорғаныс саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. 

Келіссөз кезінде Жапондық «JAXA» аэроғарыш зерттеулері Агенттігінің Президенті Хироши Ямакавамен ғарыш қызметінің мүмкіндіктері бойынша ынтымақтастықты арттыру туралы келіссөздер жүргізілді.

ҚР ҚАӨМ мен «STM» Түркия компаниясы арасында киберқауіпсіздік саласы бойынша Меморандумға қол қойылды.

«Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» АҚ мен француздық «Tales» компаниясы әскери-техникалық ынтымақтастықты дамыту туралы келісті.  Ол Меморандумға «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы Ә. Құрманғалиев пен «Tales» компаниясының ТМД-дағы өкілдігінің басшысы мен Реми Поль қол қойды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Көрме алаңында әскери-техникалық және ғарыш қызметі салаларындағы ынтымақтастықты нығайту мен дамытуға бағытталған 50-ге жуық Меморандум, келісімшарт, келісім, хаттамаларға қол қою жоспарланып отыр.

Анықтама:

Түркия павильонының аумағы 1620 шаршы метрді құрайды.

Павильонда 21 кәсіпорын ұсынылған: ASELSAN ELEKTRONIK SANAYI VE TIC.A.S., AVS, BMC OTOMOTİV SANAYİ VE TİCARET A.Ş., DEARSAN GEMİ İNŞ SAN A.Ş., DESAN, GARANTİ GİYİM, GİR-SAN Makina ve Hafif Silah San. Tic. A.Ş., HAVELSAN, HOYTEK BILGISAYAR LTD., İŞBİR, MILSOFT, OTOKAR, ÖZTEK, SİMSOFT, SSM/SSİ, STM, TAIS, TURMAKS, TUSAŞ, TÜBİTAK BİLGEM, UNİFO GIDA SANAYİ TİCARET A.Ş., UNİFO GIDA SANAYİ TİCARET A.Ş., TEKNOLOJİ MÜH.