«Халықаралық балаларды қорғау» күнін мерекелеу қарсаңында, ағымдағы жылғы 30 мамырда «Қазарнаулыэкспор» РМК қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Нұрлы жүрек» балалар үйіне барды.
Балалар үйіне бару біздің Кәсіпорын үшін жақсы дәстүрге айналды. Аппарат басшысы Ғ.Ә. Жүнісов құттықтау сөз сөйледі. Кәсіпорын қызметкерлерінің атынан демеушілік көмек көрсетілді. Балаларға ілулі әткеншек (үйдің 3 бөліміне орнатылған) және тәттілер салынған себеттер берілді. Бұл бастама балаларға көңіл бөлуге және барлығына жақсы мерекелік көңіл-күй сыйлауға мүмкіндік берді. «Нұрлы жүрек» балалар үйінің ұжымы Кәсіпорын басшылығы мен қызметкерлеріне көрсеткен көмегі, қамқорлығы мен зейіні үшін зор алғысын білдірді.