«Туламашзавод» «Корнет» ТҚБЗ экспорттық нұсқасын шығаруды игерді

2018 жылғы 1 наурыздағы Халықаралық қару-жарақ саудасын талдау орталығының (ХҚСТО) мәліметтері бойынша, «Туламашзавод» (Ресей, Тула) «Корнет» ТҚБЗ жаңа экспортық нұсқасын өндіруді игерді. «РИА Новостидің» хабарлауынша, ол туралы «Туламашзавод» акционерлік компаниясы» АҚ директоры («Высокоточные комплексы» ҒӨҚ-ке кіреді), Евгений Дронов хабарлады.

«Бұрын жасамаған зымыранды игердік. Бұл «Корнет» танкіге қарсы зымыран. Біз мұны экспорт үшін жасаймыз», – деді Е.Дронов. Ол зауыттың «сенбі және жексенбі күндері» жұмыс істейтінін атап өтті.

«Біз санкцияларды сезбейміз. Жыл сайын 10-нан 12 пайызға дейін өнім шығарады», – деп «РИА Новости»Тула кәсіпорны директорының сөзін дәйектеді.

«Корнет-Е» танкіге қарсы зымыран кешені (ТҚЗК) танктерді, динамикалық қорғанысбы брондалған жауынгерлік машиналарды жоюға және фортификациялық құрылыстарды бұзуға арналған. Кешен сонымен қатар, төмен ұшатын нысандарды жоюға қабілетті. Атудың ең үлкен қашықтығы – 5,5 км.

 

Дереккөз: http://www.armstrade.org/includes/periodics/news/2018/0301/125545639/detail.shtml