Қазақстандық қорғаныс кәсіпорындары Жауынгерлік парадқа ең соңғы әзірлемелерді ұсынады

Өндірісті сандық жүйеге көшіруге байланысты Қазақстанның қорғаныс-өнеркәсібі кешенінің келешекті әзірлемелерін 2018 жылғы Жауынгерлік парадта «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясының кәсіпорындары  таныстыратын болады.

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-ның павильонында бронды, авиациялық және зымыран отынды секілді кластерлік жобалар көрсетіледі.

Бронды техникалық кешен бронды машиналарды өндіруге, бронды техниканы жөндеуге және жаңғыртуға маманданған зауыттардан тұрады.

Авиациялық кластер майдан және әскери-көліктік авиацияны жөндеу, тікұшақтарды өндіру және жөндеу, сондай-ақ ұшқыштар мен техникалық құрамды оқытуды жүзеге асыратын кәсіпорындардан тұрады.

Зымыран-отынды кластер зымырандық кешендерді және дүркін оқ ату реактивтік  жүйесін өндіруді және жөндеуді, сондай-ақ, «Град» ЖМ-21 ДОРЖ үшін реактивтік снарядтарды жаңғырту мен қалпына келтіруді қамтиды.

Жобалар қатарында сондай-ақ Республикамыздың Қарулы күштерінің құрамалары мен бөлімшелерінің жеке құрамынан отандық «Болашақтың жауынгері» жауынгерлік техникасы бар. Бұл – Қазақстандық заманауи қорғаныс, байланыс, бақылау және көздеу, қару-жарақ пен оқ-дәрілерді қамтитын әскери жиынтық.

Сонымен бірге, ашық қойылымда жаңғыртылған және жаңа әскери техниканың жекелеген түрлері көрсетілетін болады.