Иордания королі Абдолла II ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б. Атамқұловты қабылдады

ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұловтың Иорданияға сапары барысында оны Иордания Королі Абдолла ІІ қабылдады.   

Корольдің қабылдауы кезінде әскери-техникалық мәселелер бойынша ынтымақтастық ету, киберқорғаныс және ғарыш салалары төңірегінде өзара қарым-қатынас орнату талқыланды.

Әңгімелесу қорытындысында тараптар екі жақты әріптестікті арттыру серпіні оң екенін атап өтті және оны ары қарай нығайта түсуге ниет білдірді.

Қазақстандық өкілдер иорданиялықтарды  а.ж 23-26 мамыр аралығында Астана қаласында өтетін «KADEX – 2018» қару-жарақ және әскери-техникалық V Халықаралық көрмесіне қатысуға шақырды.