Әскери ойындар-2018 алты елдің полигондарында өтеді

2018 жылы Халықаралық әскери ойындар 28 шілдеден бастап 11 тамызға дейн алты елде, соның ішінде тұңғыш рет Иранда өтеді. Бұл жайлы осы ағымдық жылдың 21 желтоқсанында Ресей Қарулы Күштерінің жауынгерлік дайындық бас басқармасының бастығы генерал-лейтенант Иван Бувальцев хабарлады.

Ресейден басқа конкурстардың қатарын Азербайжанда, Беларуста, Иранда, Қазақстанда және Қытайда өткізуі жоспарланған. Әскери ойындар барысында 27 халықаралық конкурстар мен сайыстар жоспарланған.

2017 жылы ойындар 5 елде өтіп, 28 конкурстар өткізілді. Онда 20 елдің 150 командалары қатысқан. Сонымен қатар, ойынға 36 мемлекеттің 44 бақылаушылары келген.

2018 жылғы ойындарының ашылу рәсімі 28 шілдеде «Патриот» атты мәдениет және демалыс саябағында өтеді. Жабылу күні – 11 тамызда – «Танк биатлоны» конкурсының финалдық кезеңі өтіп, жеңімпаздардың марапаттауы өткізіледі.

 

Ақпарат көзі:

http://военное.рф/2017