2017 жылғы 12 қарашада «Dubai Airshow 2017» халықаралық авиациялық-ғарыштық көрмесінің ашуылуы өтті.

«Dubai Airshow 2017» халықаралық авиациялық-ғарыштық көрмесі 12-16 қараша кезеңінде Біріккен Араб Әмірліктерінде өтіп жатыр.

Әуесалон 1989 жылдан бастап БАӘ Үкіметінің, Дубай әмірлігінің азаматтық авиациясының, қорғаныс министрлігінің жәрдемімен екі жылда бір рет өткізіледі. Әлемнің ең ірі әуе шоуларының бестігіне кіреді. Оның тақырыбы – әскери-әуе күштерінің қару-жарақтары мен әскери техникасы, әуе қорғанысына қарсы құралдар, ғарыш техникасы, азаматтық авиация және технология. Әлемнің әр түрлі елдерінен 1,2 мыңнан астам қатысушыларды жинаған бүгінгі көрме есеп бойынша 15-ші болды.

«Русские Витязи» жоғары пилотаж тобының экипажы «Dubai Airshow 2017» халықаралық авиациялық-ғарыштық көрмесінің бірінші күні барысында ұшулар жүзеге асырды.

Ресейдің ӘҒК «Русские Витязи» жоғары пилотаж авиациялық тобы 1991 жылы құрылды, 25 жыл бойы Су-27 жойғыштарында ұшты. 2016 жылдың күзінде толығымен жаңа Су-30СМ ұшақтарымен жабдықталды.

Су-30СМ – ресейлік көп мақсатты Су-30 ауыр жойғыштың соңғы түрленімі, 4+ ұрпақ. Ұшақ жоғары маневрлікке ие, сондай-ақ «әуе-әуе» және «әуе-беті» жоғарыдан дәлме-дәл қаруды қолдануға қабілетті. Жойғыш жанармайды үстеп құймай және аспалы баксіз 3 мың шақырымға дейін ұшады.