2018 жылғы 14 қыркүйекте «Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс» басымдылық бағыты бойынша Ұлттық ғылыми кеңестің (ҰҒК) отырысы өткізілді. Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (ҚР ҚАӨМ) жанындағы Ғылыми-техникалық кеңестің шешімімен өзекті деп танылған жобаларды жүзеге асыру үшін 2019-2021 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы және гранттық қаржыландыру шеңберінде ҚР ҚАӨМ ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларды қаржыландыру сомалары ҰҒК отырысында қорғалды.
Сонымен қатар, 2019-2021 жылдарға арналған гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға ҚР ҚАӨМ конкурс жариялау үшін келесідей мамандырылған ғылыми бағыттар анықталған (2018 жылғы 14 қыркүйектегі ҰҒК шешімі):
- «Қорғаныс өнеркәсібі саласындағы технологияларды дамыту»;
- «Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыздандыру жүйесін дамыту»;
- «Авиа кешендерінің өндірісі технологиясын дамыту»;
- «Ракета жүйесінің өндірісі технологиясын дамыту»;
- «Қорғаныс-өнеркәсіптік кешені, қару-жарақ және әскери техника, әскери-ғарыштық технологияны дамыту».
ҰҒК шешімі негізінде, 2018 жылғы 22 тамыздағы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Б. Сағынтаевтың төрағалығымен өткізілген Қазақстан Республикасы Үкімет жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссиясының № 20-3/И-411 хаттамасымен ҚР ҚАӨМ 2019-2021 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру мен ғылыми зерттеулерді жүзеге асыруға бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру көлемдері қабылданды.