2018 жылғы 14 қыркүйекте «Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс» басымдылық бағыты бойынша Ұлттық ғылыми кеңестің отырысы өткізілді

2018 жылғы 14 қыркүйекте «Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс» басымдылық бағыты бойынша Ұлттық ғылыми кеңестің (ҰҒК) отырысы өткізілді.  Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (ҚР ҚАӨМ) жанындағы Ғылыми-техникалық кеңестің шешімімен өзекті деп танылған жобаларды жүзеге асыру үшін 2019-2021 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы және гранттық қаржыландыру шеңберінде ҚР ҚАӨМ ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларды қаржыландыру сомалары ҰҒК отырысында қорғалды.

           Сонымен қатар, 2019-2021 жылдарға арналған гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға ҚР ҚАӨМ конкурс жариялау үшін келесідей мамандырылған ғылыми бағыттар анықталған (2018 жылғы 14 қыркүйектегі ҰҒК шешімі):

  1. «Қорғаныс өнеркәсібі саласындағы технологияларды дамыту»;
  2. «Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыздандыру жүйесін дамыту»;
  3. «Авиа кешендерінің өндірісі технологиясын дамыту»;
  4. «Ракета жүйесінің өндірісі технологиясын дамыту»;
  5. «Қорғаныс-өнеркәсіптік кешені, қару-жарақ және әскери техника, әскери-ғарыштық технологияны дамыту».

       ҰҒК шешімі негізінде, 2018 жылғы 22 тамыздағы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Б. Сағынтаевтың төрағалығымен өткізілген Қазақстан Республикасы Үкімет жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссиясының № 20-3/И-411 хаттамасымен ҚР ҚАӨМ 2019-2021 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру мен ғылыми зерттеулерді жүзеге асыруға бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру көлемдері қабылданды.