2023 жылғы 1 маусымда Ккәсіпорын қызметкерлері «Нұрлы жүрек» балалар үйіне барды

Балаларды қорғау күніне орай, игі істер аясында Кәсіпорын қызметкерлері «Нұрлы жүрек» мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған үйге барды.

Балаларға «Қазанат» ат спорты клубына баруға сертификат және сыйлықтар сыйлады.

Бұл бастама балаларға көңіл бөлуге және барлығына жақсы мерекелік көңіл-күй сыйлауға бағытталған игі шара болды.

«Нұрлы жүрек» балалар үйінің ұжымы Кәсіпорын басшылығы мен қызметкерлеріне көрсеткен көмегі, қамқорлығы мен көңілі үшін зор алғысын білдірді.